Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Арыс қалалық білім бөлімінің «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ –нің тарихы

Ж. Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихы 1950 жылдан басталады. 1950 жылы 3 сыныптық бастауыш мектебі болып ашылған. Мектеп басшысы болып Сейітсұлтанов Саттар тағайындалған.

1953-1954 оқу жылында мектеп 7 сыныптық орыс-қазақ мектебі болып түрленіп, А.С. Пушкин есімі берілген.

1962 жылы мектеп жанынан бөлімшелерден қатынап оқитын балалар үшін интернат ашылды. Меңгерушісі - Оспанов Мұхаметтас. Интернатқа 120 балаға дейін қабылданып, көптеген жылдар бойы мақсатты қызмет етіп, 1988 жылы жабылған. Интернаттың жұмыс істеу кезінде оқушыларға толыққанды қамқорлық көрсету жұмысы Абдірәсілов Н. Юсупов Ү, Абдірахманов Т, Әбдіхалықов Ж, Омаров Н, Багов Кеңес, Исаев Құдайберген ағайлардың және Қысырауова С, Қопашов А, Матжанова К, Молдабаева Ұ, апайлардың табанды еңбегінің арқасында жүрді.

Заман ағымына сай 1962-1963 жылдары А. С. Пушкин атындағы 7 сыныптық қазақ-орыс мектебі жалпы білім беретін орта мектепке жоғарылатылды. А.С. Пушкин атындағы орта мектеп ұжымы мыңдаған шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек еткенін мақтан ете алады.

1979 жылы мектептің типі тиіптік, мектептің сыйымдылығы 640 орындық. Аумағы 2200 шаршы метр болып ашылған.

1991 жылы егемендік таңы атып, ел мен жер, түрлі мекемелер атауларын өзгерту мүмкіндігі туғанда А.С. Пушкин атындағы орта мектептің де атауын өзгерту ұсынылды.

Арыс қалалық білім бөлімінің 01.10.97 жылғы №154 бұйрығына сәйкес Республикалық онамастикалық комиссияның шешімі бойынша Арыс ауданына қарасты «Дермене» ауылындағы бұрынғы А.С. Пушкин атындағы қазақ орта мектебінің атауы 

21 мамыр 1997 жылдан бастап көрнекті қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы орта мектеп болып өзгертіліп, қайта аталды.

2000 жылғы 6 маусым №377 Арыс қаласы әкімінің шешімі бойынша Дермене ауылындағы Ж.А.Тәшенов атындағы қазақ орта мектебі мекемесі мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.

2012 жылғы 13 шілде №307 Арыс қаласы әкімінің қаулысы бойынша « Ж.Ташенов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Арыс қаласы әкімдігінің «Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ж.Ташенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

2021 жылы 20 қаңтарынан бастап Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

2023 жылы 28 тамыз №180 Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы бойынша Арыс қаласының Білім бөлімінің « Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

1948-2023 оқу жылдары аралығында мектепті басқарған

директорлар хронологиясы.

1948-1955 оқу жылында бастауыш мектепті Зүпан Мәуленбердина.

1955-1957 оқу жылында Көшкінбаев Дүсенбай

1957-1965 Бейсен Онтаев.

1965-1967 оқу жылдары аралығында Т.Жантасов.

1967-1970 оқу жылдары аралығында Алуа Ильясова.

1970-1987 оқу жылдары аралығында Патов Шәймерден.

1987-1997 оқу жылдары аралығында Ибатов Шаріпхан .

1998-2008 оқу жылдары аралығында Нұрымбетова Кенжегул.

2008-2011 оқу жылдары аралығында Ибатов Шаріпхан.

2011-2020 оқу жылдары Айменова Сәуле.

Ал бүгінгі күндері, яғни 2020 жылдан бастап Маханов Санжар Ерланұлы басқарып келеді.