Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Арыс қалалық білім бөлімінің «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
Арыс қаласына қарасты «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің  жеке сайты ашылды.
Күн сайын жаңарып жатқан әлемде мемлекеттің дамуы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты. Еліміздің іргесі берік, әлеуеті мықты болуы жас ұрпақтың қолында. Көкірегі құндылыққа толы, руханияты бай, интеллектуалды тұлға қалыптастыру үшін әр қайсымыз өз үлесімізді қосайық.

Құрметті ата-аналар, мектебімізде болып жатқан жаңалықтарды, сондай-ақ оқушылардың білімі жөніндегі  мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. 
Мектеп сайтын жасаудағы басты мақсат – мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу. 
Міндетіміз - ақпараттық кеңістіктегі жарияланып жатқан өз саламыздағы түрлі материалдарды пайдаланушы ғана емес, оған қоса ұжым мүшелерінің әрқайсысының өздігінше ізденіп, оқу-тәрбие жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудағы жұмыс нәтижелерін басқалармен бөлісуге үйрету, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын насихаттау, олардың беделін көтеру.